Биыл 850 шақырымды автожол қайта жөндеуден өтті

12 Қараша 2019, 15:44
1799
Бөлісу:
Биыл 850 шақырымды автожол қайта жөндеуден өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазіргі таңда жолдарды жөндеу бойынша Үкімет қаржысына шетелдік компаниялармен біріккен 7 жоба іске асырылуда. Соның арқасында 850 шақырымды автожол қайта жөндеуден өтті немесе 101 млрд теңгенің 23 нысаны жөнделді. Бұл туралы ҚР индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің автомобиль жолдары комитетінің төрағасы Сайранбек Бармақов брифинг кезінде айтты.

Оның айтуынша, қайта жөнделген автожолдар қатарында 96 шақырымды "Ұзынағаш-Отар" жолы, 73 шақырымды "Жетібай-Жаңаөзен" авто жолы, "Ақтөбе-Атырау" жолы бар.
 

Қазіргі жағдай бойынша еліміздегі жолдардың жалпы көлемі 96 мың шақырымды құрап отыр. Оның ішінде республикалық маңызы бар жол 24 мың шақырым. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы бірінші кезекте Қазақстан өңірлерін экономикалық дамтыуға және оларды бір-бірімен байланыстыруға бағытталған. Осы тұрғыда Қазақстан жолдарын жетілдіру бойынша халықаралық жол тораптарын нығайту көзделген. Бұл ел экономикасының өсіміне ықпал етеді. "Нұрлы жол" мемлекеттік бағдарламасы басты бес бағытты қарастырады. Бұл: орталық-оңтүстік, орталық-батыс, орталық-солтүстік, орталық-шығыс және орталық. Оның үстіне, бұл бағыттардың барлығы ұлттық жол халықаралық жол тораптарын қалыптастырады, - дейді Сайранбек Бармақов.  

Сонымен қатар, ол Ұлттық автожолды қаржыландыру үшін "Нұрлы жол" бағдарламасы аясында халықаралық қаржы институттары мен жекелей компаниялардан инвестиция тартылып жатқанын айтты.
 

Бұл бағдарлама үлкен жобалардың іске асуына жол ашты, атап өтер болсақ "Батыс Еуропа-Батыс Қытай" автожол дәлізін салуға ірі мердігер компаниялар атсалысты. Оған Италия, Түркия, Корея, Иран, Әзірбайжан елінің компаниялары қатысты, - дейді ол. 


 

Өзгелердің жаңалығы