Биыл 83 электросамокат жол апатына ұшырады

Бүгiн, 17:26
116
Бөлісу:
Биыл 83 электросамокат жол апатына ұшырады

Елде биылдыққа электросамокаттардың қатысуымен 83 жол апаты тіркелген, деп хабарлайды BAQ.KZ Хабр24-ке сілтеме жасап.

Салдарынан 2 адам опат болып, 80-і жарақат алды. Ішкі істер министірлігінің дерегі осындай. Былтыр мұндай 285 апат болған. Ол кезде 8 мыңдай самокат жүргізушісі жауапқа тартылған. 

Қауіп күшейген соң мопед, самокаттарға қатысты ережеге өзгеріс енгізілді. Олардың жолдағы жылдамдығы сағатына 25 шақырымнан аспауға тиіс. Ал жүргінші жолына шықса, сағатына 6 шақырым жылдамдық деп белгіленген. 

Әрі бұл көлік түріне жолдың оң жақ шетімен жүруге рұқсат етілген. Бірақ жүргізушісі 18 жастан асқан болуы тиіс. Әрі арнаулы киім киіп жүруге міндетті. Жүргізуші куәлігі де болуы шарт. 

Өзгелердің жаңалығы