Биыл 440 мың адам жұмысқа орналасады – Еңбек министрлігі

15 Сәуір 2021, 17:17
2293
Бөлісу:
Биыл 440 мың адам жұмысқа орналасады – Еңбек министрлігі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Бұл туралы ОКҚ алаңында Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ержан Біржанов халықты жұмыспен қамтамасыз ету тақырыбы аясында өткен брифингте айтты.

Негізгі бағдарламалардың бірі – бұл «Жұмыспен қамту жол картасы». Былтыр жұмыс орындары қысқарған кезде мемлекет тарапынан қолдау көрсетілді. Ауқымды қаражат бөлініп, 6 700 жаңа инфрақұрылымдық жобаға тартылды. Соның қорытындысы бойынша 239 мың адам жұмысқа орналасты. Яғни жалақысын алып, жұмыссыз қалмады. Оның 120 мыңы біздің (министрлік – ред.) орталықтар арқылы жұмысқа орналастырылды, - деп айтты вице-министр.

Аталған жобалар іске асырылған кезде отандық өнімдер сатып алынды. Олардың құрамы 88%-ды құрады. Мысалы көп ғимарат, спорт кешені салынды, мектептердің саны көбейді, сондай-ақ үшауысымды мектептердің проблемалары шешілді.

Осы бағдарламалар былтыр қиын кезеңде Үкімет атынан көмек көрсетіліп, іске асырылды. Дегенмен бұл шаралар былтырғы жылмен тоқтап қалған жоқ. Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы бойынша жаңа бағдар көрсетілген болатын. Яғни жыл сайын жастарға қолдау көрсету, жұмыс орнын сақтау, жас кәсіпкерлерге жұмыс беру, мүгедектігі бар адамдарға жұмыс орнын табу. Осы бағдарламалар аясында жаңа жол карталарын әзірлеп, соны іске асырып жатырмыз, - деп атап өтті Ержан Біржанов брифингте.

Министрліктің 2021 жылдағы бастапқы бағыты – 700 мың адамға көмек көрсету.

Оның ішінде 32 мыңын «Жол картасы» арқылы жұмысқа орналастыру. Өңірлік дамыту бағдарламалары бойынша мемлекеттен бөлінетін қаражаттың арқасында 440 мың адам жұмысқа орналасады, - деп түсіндірді Еңбек министрінің орынбасары.

Оның сөзінше, Президенттің тапсырмасы бойынша жол картасы 2021 жылға дейін ұзарды.

Өзгелердің жаңалығы