Биыл 3 визит-орталықтың құрылысы аяқталады

15 Ақпан 2023, 11:00
855
Бөлісу:
Биыл 3 визит-орталықтың құрылысы аяқталады
Фото: Фото: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі биыл тағы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтауды жоспарлап отыр,  деп хабарлайды BAQ.KZ.



Бұл туралы министрліктің әлеуметтік желідегі парақшасында шығатын «Тікелей эфир» айдарында Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева мәлімдеді. Тікелей эфир қонағы Қазақстандағы визит-орталықтардың жұмысы туралы айтып, желі қолданушыларының сұрақтарға жауап береді.

«2023 жылы үш визит-орталықтың құрылысын аяқтау жоспарланып отыр. Ол «Сауран», «Гаухар-ана» және «Ордабасы» туристік оралықтары. Аталған тарихи визит-орталықтардың үшеуі де еліміздің рухани астанасы - Түркістан облысында орналасқан»,- деді Жанат Сеидалиева.

«Сауран» қалашығы Түркістан қаласынан 40 шақырым жерде. Мұнда келушілер мен туристерге қызмет көрсету үшін заманға сай инфрақұрылым жасалады. Ал, «Гаухар-ана» кесенесі - Орта Азия аумағындағы әйелдер құлшылық жасауға арнайылап келетін орын.

Биыл 3 визит-орталықтың құрылысы аяқталады

Визит-орталықта қонақтарға жайлы жағдай жасау үшін түнеуге арналған орындар қарастырылған. «Ордабасы» аумағында да визит-орталықтың құрылысы белсенді жүріп жатыр.

«Визит-орталықтар бірінші кезекте ғылыми, мәдени, ақпараттық кешендер ретінде пайдаланылатын болады. Мұнда туристер үшін барлық қолайлы жағдай жасалады. Бұдан бөлек жергілікті жердің мәдени-туристік кластерін дамытуға, өңірдің брендке айналған тарихи-мәдени және табиғи ресурстарды пайдалана отырып, имидждік, туристік өнімдерді жасауға үлкен мүмкіндік»,- деді Тарихи-мәдени мұра басқармасының басшысы Жанат Сеидалиева. 

Бүгінгі таңда Қазақстанда үш визит-орталық толық қарқында жұмыс істеп жатыр. Ол Алматы облысындағы «Таңбалы», Ұлытау облысындағы «Ұлытау» және Түркістан облысындағы «Отырар» орталықтары.

Өзгелердің жаңалығы