Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Айтуынша, елде жол жүрісін интеллектуалды бақылау жүйелері белсенді дамуда.
Жолдарда жол ережелерін бұзуды тіркейтін 17 мыңнан астам автоматты камера орнатылды. Олар жыл басынан бері 2,7 млн бұзушылық анықтады. Мұндай жүйелерді енгізу жол жүрісіне қатысушылардың тәртібін арттырып қана қоймайды. Сонымен қатар апаттылық деңгейінің төмендеуіне айтарлықтай әсер етеді. Жол-көлік оқиғаларының алдын алу мемлекет алдында тұрған маңызды және асыл міндеттердің бірі болып табылады, оларды елемеу адам шығынын және басқа да ауыр зардаптарды тудырады, - деп атап өтті ІІМ өкілі.
Сондай-ақ әлеуметтік жарнаманың да маңызы зор деп отыр.
Мәселен, қаңтар айынан бері жолда жүру қауіпсіздігі бойынша 1 мыңнан астам бейне және 2 мыңнан астам аудиоролик шығарылды. Оларды теле-радиоарналарда, сондай-ақ әлеуметтік желілерде көрсету жүзеге асырылады. Сол сияқты, 84 мың данадан астам таралыммен көрнекі үгіт-насихаттың 3 мың түрі шығарылды, - деді Жандос Мұратәлиев.