Биыл 25 көп пәтерлі тұрғын үй кешені жөнделеді – елорда әкімі

5 Қыркүйек 2021, 03:34
5914
Бөлісу:
Биыл 25 көп пәтерлі тұрғын үй кешені жөнделеді – елорда әкімі

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов Instagram парақшасында биыл «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасының желісі бойынша 25 көп пәтерлі тұрғын үй кешені жөнделіп, 34 лифт ауыстырылғанын мәлім етті, деп хабарлайды қала әкімдігінің ресми сайты.

Елордамыздың кварталдарына кешенді реновация жүргізуді жалғастырамыз. Тұрғын үй қорын жаңартып, қалпына келтіріп жатырмыз. Қалада проблемалық тұрғын үй кешендері бар екені құпия емес: қасбеттік бөлігі бойынша да, үйлердің шатыры бойынша да және т.б. Тек «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму мемлекеттік бағдарламасының желісі бойынша ғана биыл 25 көп пәтерлі тұрғын үй кешенін жөндейміз, 34 лифтіні ауыстырамыз.

Бүгін қаланы аралау барысында Байқоңыр ауданындағы (Жұбанов көшесі) бірқатар тұрғын үй кешеніне жөндеу жүргізу жұмыстарының барысымен таныстым. Үйлерде шатырды, қасбетті, кіреберістерді жөндеу, инженерлік желілерді ауыстыру және жаңарту жұмыстары жүргізілуде. Осылайша, күрделі жөндеу жүргізу тұрғындар үшін үйлерде жайлы тұруға мүмкіндік беріп қана қоймай, тұрғын үй кешенінің келбетін жақсартады.

Өткен жылы өзге бағдарламалармен бірге 50 көппәтерлі қауіпті тұрғын үй кешені жөнделді, оның ішінде халық арасында танымал «Орбита» апатты тұрғын үй кешені де болды. Сондай-ақж ел кезінде ұшатын плиталарымен танымал Территория комфорта-2 болды.

Бағдарлама ауқымды болмақ. Келесі жылы «Нұрлы жер» тұрғын үй-коммуналдық даму бағдарламасы бойынша ғана 25 КТК астам жөндеу жұмыстарын жүргізіп, 30-дан астам лифтіні ауыстыруды жоспарлап отырмыз. Сондай-ақ тұрғын үйді жөндеу бойынша бірқатар басқа бағдарламалар бар.

Тұрғын үй кешенін жөндеумен қатар, аулаларды абаттандыру бойынша да жұмыстар жүргіземіз: жайлы аула алаңдарын салу, сондай-ақ кварталішілік жолдарды асфальттау, желілер тарту және т.б. Үйінен шыққан соң тұрғындар балдымен аулаға аяқ басады. Мұнда таза ауада жайлы уақыт өткізу үшін жағдай жасау өте маңызды. Екі жыл ішінде 400 аула мен қоғамдық кеңістік салынып, жөнделді. Аулаларды құру процесіне де тұрғындарды тартамыз. Ауланың қандай болатынын қала тұрғындары шешеді, – деп жазды қала әкімі.
Өзгелердің жаңалығы