ШҚО, BAQ.KZ. Шығыс Қазақстан облысында 200 шақырымнан астам жол жөнделеді. Бұл туралы Жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Нұржан Жұмаділов айтты.
Оқи отырыңыз:
Оның сөзіне қарағанда облыста 2018 жылы 236 шақырым жол жөнделген.
"Енді 246 шақырым жолды жөндейміз. Республикалық және облыстық бюджеттен 2,6 миллиард теңге қарастырылған", – деді Нұржан Жұмаділов.
Жиында мәлім болғандай, Бородулиха – Жезкент, Семей – Қарауыл, Семей – Курчатов, Өскемен – Самар, Үлкен Нарын – Күршім бағытындағы тас жолдар жөнделмек.