Биыл 158 жаңа өнеркәсіп өндірісі іске асырылады - Үкімет басшысы

19 Қазан 2022, 13:06
1235
Бөлісу:
Биыл 158 жаңа өнеркәсіп өндірісі іске асырылады - Үкімет басшысы

Бұл туралы бүгін өткен Мәжілістің жалпы отырысында Үкімет басшысы Әлихан Смайылов мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Инфляцияның 55% үлесін азық-түлік тауарлары құрап отыр. Сондықтан биыл біз агроөнеркәсіп кешенін қаржыландыру көлемін екі есе ұлғайттық. 9 айдың нәтижесінде біз ауыл шаруашылығының жалпы өнімінің нақты өсімі 7%-ға жеткенін көріп отырмыз. Сондай-ақ ауыл шаруашылығындағы негізгі капиталға инвестиция нақты көріністе 7,5%-ға артты, - деп атап өтті Премьер-министр. 

Сонымен қатар ол шикізаттық емес секторда орташа мерзімді кезеңге 25 трлн теңгеге 734 жобаны іске асыру жоспарланып отырғанын айтты. 

Оның ішінде 440 жоба – импортты алмастыруға бағытталған. Биыл 158 жаңа өнеркәсіп өндірісі іске асырылады. Сондай-ақ импортқа тәуелділікті төмендетуге арналған «Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы іске асырылып жатыр, - деді Әлихан Смайылов Мәжілістің отырысында. 

Еске сала кетейік, бұған дейін Үкімет басшысы келесі жылы инфляция деңгейі 9,5%-ға төмендейтінін айтқан болатын. 

Өзгелердің жаңалығы