Астана, BAQ.KZ тілшісі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Жеңіс Қасымбек Үкімет отырысында «Цифрлық Қазақстан» бағдарламасы аясында өнеркәсіп, көлік, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы, геология және жер қойнауын пайдалану салаларында атқарылып жатқан жобаларды атады.
«2018 жылы өнеркәсіпті цифрландыру бойынша министрлік 7 модельдік фабрикада аудитті аяқтады және оларды цифрландыру үшін жол карталарын бекітті. Әр кәсіпорынға шамамен 30 іс-шара ұсынылды. 2018 жылы «Химфарм» АҚ пен «Евразиан фудс» АҚ іс-шараның бір бөлігі ойдағыдай енгізілді. 2018 жылы «Өскемен титан-магний комбинаты» АҚ-та өндіріс балансын қалыптастыру және есептеу жүйесі енгізілді. Экономикалық тиімділік шамамен 300 млн теңге болады деп болжануда. «Maker» ЖШС машина жасау өндірісінде тау-шахта жабдықтарына қызмет көрсету және кез-келген күрделі металл конструкцияларын өндіру бойынша жаңғырту жұмыстары аяқталды. «Ақтөбе мыс компаниясы» ЖШС байыту фабрикасы толық автоматтандырылған өндірістік циклға көшу арқылы жаңғыртылды», - деді ол.
Министр жоғарыда аталған жобаларды есептегенде экономикалық тиімділік 20 млрд теңгеден асқанын айтты. 2018 жылы 47 кәсіпорында цифрландыру жобасы іске асырылса, биыл 100-ден астам кәсіпорынды цифрландыру жұмыстары белсенді түрде жалғасады.