Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. WBA тұжырымы бойынша әлем чемпионы Дмитрий Бивол (20-0, 11 КО) мексикалық Сауль "Канело" Альвареспен реванш өткізу үшін өз талабын қойды, деп хабарлайды Vesti.kz.
Биволдың сөзінше, "Канеломен" жекпе-жек өткен жағдайда, ол абсолют чемпион атағы үшін болуы тиіс.
Негізі Альварестің қалыпты өмірдегі салмағы менікінен аздау. Келесі жолы жекпе-жек төрт салмақтағы чемпиондық үшін болуы мүмкін, – деп жазады Twitter ESPN парақшасы Биволдың сөзін келтіріп.
Еске салайық, 8 мамыр күні Лас-Вегаста Дмитрий Бивол төрешілер шешімімен Сауль "Канело" Альваресті ұпай санымен жеңді. Осылайша, мексикалық былғары қолғап шебері кәсіпқой карьреасында екінші рет жеңілістің кермек дәмін татты. Ол осыған дейін Флойд Мейвезерге есе жіберген еді.