Ресейде “Битцевский маньяк” деген атпен танымал Александр Пичушкиннің тағы 11 кісі өлтіруі ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ресейдің ФСИН-нің Құқық қорғау басқармасының қызметкерлері өмір бойына бас бостандығынан айырылған Александр Пичушкиннің ашылмаған қылмыстарға қатысы бар екенін анықтаған.
Ресейдің ФСИН-нің Құқық қорғау басқармасы және Ресейдің Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық іздестіру басқармасы өмір бойына бас бостандығынан айрылған Александр Пичушкиннің ерекше ауыр қылмыстарға қатысы бар екенін анықтады. Пичушкин осы уақытқа дейін ашылмаған 11 адамның өліміне қатысы бар екенін мойындауға дайын екенін айтты. Қылмыстар Мәскеудің Солтүстік Бутово ауданында жасалған, – делінген ФСИН хабарламасында.
«Битцевский маньяк» деген атпен танымал Александр Пичушкинді 2007 жылы қазан айында Мәскеу қаласының соты өмір бойына бас бостандығынан айырған. Жәбірленушілер саны 49 адам. Ол қылмыстарын 1990-2000 жылдары арасында Битцевский орманында жасаған. Оның құрбандары негізінен қарт адамдар, мүгедектер және психикалық аурулары бар адамдар болған.