“Бітімгершілік миссиясы“: Қытай Украинаға өз әскерін кіргізбек

22 Наурыз 2025, 19:03
5643
Бөлісу:
“Бітімгершілік миссиясы“: Қытай Украинаға өз әскерін кіргізбек

Welt неміс басылымының мәліметінше, Қытай билігі Украинадағы ықтимал бітімгершілік миссиясына қатысу мүмкіндігін қарастырып жатыр, бірақ соңғы шешім әлі қабылданған жоқ, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Журналистердің инсайдерлік деректеріне сүйенсек, Қытай дипломаттары Еуроодақпен бейресми келіссөздер жүргізуде.

Ресми Бейжің Еуропа елдерінің мұндай бастамаға қалай қарайтынын анықтағысы келеді.

Анонимді дереккөздердің айтуынша, Қытайдың бұл қадамы Ресей үшін бітімгершілік миссиясын қабылдауды жеңілдетуі мүмкін.

Қытайдың “қалаушылар коалициясына” қосылуы Ресейдің Украинадағы бітімгершілік күштеріне келісу ықтималдығын арттыруы мүмкін. Дегенмен, бұл – өте нәзік мәселе, – деп жазады Welt.

Айта кетсек, ресми Лондон жақында “көптеген” елдер Украинаға бітімгершілік күштерін жіберуге дайын екенін растады.

Соңғы мәліметтерге сәйкес, “қалаушылар коалициясына” 30-дан астам мемлекет кіреді, бірақ олардың көбі Украинаға әскери күш жібермей, басқа жолдармен көмектесуге ниетті.

Өзгелердің жаңалығы