Бітімгерлік операциялар орталығына Францияның әскери делегациясы келді

20 Маусым 2024, 13:46
321
Бөлісу:
Бітімгерлік операциялар орталығына Францияның әскери делегациясы келді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Алматыға подполковник Жером Пике бастаған Француз Республикасы Қарулы күштерінің делегациясы келді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Шетелдік қонақтар «Бейбіт тұрғындарды қорғау» халықаралық курсының барысымен танысты, одан бөлек бітімгерлік және тілдік дайындық сабақтарына да қатысты.

Орталықтағы жоспарлау және талдау басқармасының бастығы подполковник Темірлан Мұсәпіров оларға ҚР Қорғаныс министрлігі қосымша білім беру мекемесінің қызметі мен даму перспективалары жөнінде айтып берді.

Өз кезегінде француз делегациясының басшысы подполковник Жером Пике де орталықтың бітімгерлік әлеуетті арттыруға қосқан үлесіне тоқталды.

Тараптар екі елдің осы бағыттағы күш-жігердің маңыздылығын атап өтті.

Өзгелердің жаңалығы