Қазақстан мен Қырғызстан СІМ басшыларының телефон арқылы сөйлесуі туралы, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қазақстан Республикасы премьер-министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұрат Нұртілеу Қырғыз Республикасының Сыртқы істер министрі Жээнбек Кулубаевпен телефон арқылы сөйлесті.
Сұхбат барысында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша Бішкек қаласының ЖЭО-ға қатысты жағдайды реттеуге жәрдемдесуді үйлестіру бойынша екіжақты өзара іс-қимыл мәселелері талқыланды.
Осыған байланысты Қырғызстанның сыртқы саяси ведомствосының басшысы ЖЭО жұмысын қалпына келтіру бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы хабардар етті, сондай-ақ Қазақстанның Жамбыл МАЭС-пен электр энергиясын жеткізу көлемін ұлғайтуға байланысты мәселені жедел шешкені үшін алғысын білдірді.