Бішкектегі оқиға: 590 адам ауруханаға түсіп, бір адам қаза тапты

6 Қазан 2020, 09:02
1679
Бөлісу:
Бішкектегі оқиға: 590 адам ауруханаға түсіп, бір адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Келіп түскен ақпаратқа сәйкес ауруханаға 590 адам келіп түскен. Оның 439-ы көрсетілген көмектен кейін үйлеріне емделуге жіберілді. 

Түрлі жарақаттармен түскен 150 адам  ауруханаға жатқызылды. Оның 13-і реанимацияда жатыр. 1 адам көз жұмды. Бұл туралы Қырғызстан Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Кabar агенттінің мәліметінше, Бішкектің травмотология және ортопедия ғылыми-зерттеу орталығына барлығы 288 адам келіп түскен, оның 69-ы ауруханаға жатқызылды. 5 адам реанимацияда жатыр. 

Ұлттық госпиталіне 164 адам келіп түскен. Оның 58-і ауруханаға жатқызылып, 6 адам реанимация бөліміне жіберілді. Бір адам көз жұмды (ер адамның аты-жөні әлі белгісіз). 

№1 қалалық ауруханаға 30 адам келіп түскен. 23 амбулаториялық жағдайда ем алуда, 7 адам ауруханаға жатқызылды, оның біреуі реанимацияда.

Шу облыстық ауруханасына 93 адам келіп түскен, 90 адам амбулаториялық жағдайда ем алуға жіберілсе, үш адам ауруханаға жатқызылды. 1 адам реанимацияға түсті.

Ұлттық хирургиялық орталыққа 15 адам келіп түскен, оның екеуі үй жағдайында ем алуға жіберілсе, 13 адам ауруханаға жатқызылды.

Айта кетейік,4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткер болды.

7 пайыздық межеден өткен төрт партия Қырғызстанның 120 орындық парламенті – Жогорку кенешке депутат жіберу мүмкіндігіне ие болған.

Бұдан бұрын Бішкекте митингіге шыққандар басып кірген Ақ үйдің өртеніп жатқандығын хабарлағанбыз. Сондай-ақ, Қырғызстанның экс-президенті Алмазбек Атамбаев тергеу изоляторынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы