Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді

9 Қазан 2020, 17:34
2372
Бөлісу:
Бішкекте төтенше жағдай режимі енгізілді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қырғызстан Президенті Сооронбай Жээнбеков Бішкекте төтенше жағдай режимін енгізді.

Бұл туралы АкиPress жазды.

Осылайша, жаппай тәртіпсіздік салдарынан зорлық-зомбылықтың, адам өмірі мен денсаулығына қауіп тудыратын жағдайдың қалыптасуын ескере отырып, «Төтенше жағдай туралы» конституциялық заңның 3, 4, 7, 8-баптарына сәйкес, Конституцияның 64-бабы 9-бөлігі, 2-тармағына және 15-бапқа сәйкес азаматтардың денсаулығы мен өмірін қорғау және олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қоғамдық-саяси жағдайды тезірек тұрақтандыру, Бішкек қаласының аумағында қоғамдық тәртіпті қалыптастыру мақсатында Қырғызстан Республикасы Бішкек қаласы аумағында 2020 жыл 9 қазан сағат 20:00-ден бастап 2020 жыл 21 қазан сағат 08:00-ге дейін төтенше жағдай режимі енгізіледі.   

Сонымен қатар, Ішкі істер министрі орынбасары Алмазбек Орозалиев төтенше жағдай кезеңінде Бішкек қаласының коменданты етіп тағайындалды.

Бішкек қаласы аумағында төтенше жағдайды қалыптастыру үшін комендатура құрылады.  Қырғыз Республикасының Үкіметіне төтенше жағдай режимін қамтамасыз ету мақсатында қажетті құралдармен қамту жөнінде тапсырма берілді. ТЖ кезеңінде қалыптасқан жағдайды халыққа дұрыс жеткізу үшін БАҚ комендант ұсынған ақпаратты таратады. Аталмыш жарлық Қырғызстанның Жогорку Кенешіне жіберілді. Жарлық қол қойылған сәттен бастап күшіне енеді, - делінген хабарламада.
Еске салайық, 4 қазан күні Қырғызстанда Жогорку Кенешке депутаттарды сайлау өтті. Депутаттық мандатқа 16 партия үміткерлік еткен еді.

7 пайыздық межеден өткен төрт партия Қырғызстанның 120 орындық парламенті – Жогорку кенешке депутат жіберу мүмкіндігіне ие болған.

Сайлау нәтижелерімен келіспеген демонстранттар Бішкекте Қырғызстан парламенті – Жогорку кенеш ғимараты мен Президент әкімшілігі қоршауынан секіріп кірмекке талпынды. Демонстранттар ғимарат ауласына бөтелке, тас лақтырды. Митингіге шыққандар мен қарулы күштердің текетіресі Ақ үйге басып кірумен аяқталған.

Бұдан бұрын Бішкекте митингіге шыққандар басып кірген Ақ үйдің өртеніп жатқандығын хабарлағанбыз. Кейіннен Қырғызстанның астанасында митингіге шыққандар экс-президент Алмазбек Атамбаевты Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторынан босатты.

Өзгелердің жаңалығы