Бішкекте митингілерді тоқтату туралы үндеу тастаған митинг өтті

13 Желтоқсан 2020, 03:47
1557
Бөлісу:
Бішкекте митингілерді тоқтату туралы үндеу тастаған митинг өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бішкектегі Ала-Тоо орталық алаңында митингілерді тоқтату туралы үндеу тастаған митинг өтті, деп хабарлайды ХАА Кабар. 

Шараны ұйымдастырушылардың бірі Алманбет Ырысәлиевтің айтуынша, алаңға шыққан адамдар митингілер мен арандатушыларға қарсылық білдіруде. 

Біз митингілер мен төңкерістер елде тұрақсыздық орнатқысы келетіндерге қол болатынын ұғынуымыз керек. Біз сайлаудың тыныш, бейбіт өткенін қалаймыз. Біз ОСК-ден сайлауды әділ өткізуін және саяси додаға қатысушылардан адал түрде бәсекелесуін сұраймыз. Шу шықпағаны, бейбіт тұрғындардан ешкім жапа шекпегені керек, - деді Алманбет Ырысәлиев.
Өзгелердің жаңалығы