Бішкекте әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-конференция өтті

25 Маусым 2020, 21:07
1265
Бөлісу:
Бішкекте әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған онлайн-конференция өтті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы елшілігі А.Осмонов атындағы Қырғыз Республикасының Ұлттық кітапханасымен бірлесіп, әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған "Ұлы ойшылдың ғылыми және рухани мұрасы" тақырыбында халықаралық онлайн-конференция ұйымдастырды.

Бұл туралы ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

Халықаралық онлайн-конференция жұмысына И.Арабаев атындағы Қырғыз мемлекеттік университеті, Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті мен М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті сияқты белгілі жоғары оқу орындарының ғалым-зерттеушілері қатысты, Қырғыз Республикасы Ұлттық Ғылым академиясының өкілдері, студенттер мен қазақ диаспорасының өкілдері қатысты.

Конференция жұмысын Қазақстанның Қырғызстандағы Елшісі Қайрат Нұрпейісов ашты. 

Қазақстандағы әл-Фараби мерейтойы мемлекеттік деңгейде өтіп жатыр, ал ЮНЕСКО оны атаулы күндер мен оқиғалар күнтізбесіне енгізді, - деп атап өтті ол.
Оныңа айтуынша, екі бауырлас халықтардың өзара рухани-мәдени тұрғыдан баюына және олардың мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылын нығайтуға ұмтылуымыз керек. Бұл алдымызда тұрған үлкен міндет. 

Конференция барысында ұлы әл-Фарабидің өмірі мен шығармашылығы туралы фильм көрсетілді, сондай-ақ кітап көрмесі ұйымдастырылды.

Өзгелердің жаңалығы