Бішкекте қазақстандық сауда-экономикалық миссия өтуде

18 Тамыз 2021, 19:38
1654
Бөлісу:
Бішкекте қазақстандық сауда-экономикалық миссия өтуде

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасының 20 тауар өндірушісі өз өнімдерін қырғыз бизнесмендеріне ұсынды. ТЭМ шеңберінде қазақстандық өндірушілердің 100-ден астам қырғыз компанияларымен В2В келіссөздері өтті.

Сауда-экономикалық миссияның іс-шарасын аша отырып, ҚР Сауда және интеграция вице-министрі Қайрат Төребаев екі елдің сауда-экономикалық өзара іс-қимылын нығайтудың маңыздылығын атап өтті.

Бішкекте қазақстандық сауда-экономикалық миссия өтуде

Біздің экономикаларымыз бір-бірімен тығыз байланысты. Қазақстан Қырғызстанның сыртқы сауда айналымында 3-ші орын алып, Қырғызстанның жетекші сауда-экономикалық және инвестициялық серіктестерінің бірі болып табылады. Қырғызстанда қазақ капиталының қатысуымен 334 бірлескен кәсіпорын жұмыс істейді. Қазір біздің екі ел қазақстан-қырғыз шекарасындағы аса жанданған және ірі өту пункттері ауданында өнеркәсіптік-логистикалық орталықтар құру жөніндегі бірлескен жобаларды талқылауда. Бұл бізге жаңа өнімдерді жеткізудің негізгі бағыттары үшін тиімді көлік-логистикалық арналарды құрып қана қоймай, ЕАЭО, Орталық Азия және Қытай елдерімен бірлескен экспорттық-импорттық операцияларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді, - деп хабарлады Төребаев. 

Бішкекте қазақстандық сауда-экономикалық миссия өтуде

Ол өнеркәсіптік кооперация жобалары біздің елдерге шикізатты экспорттауға ғана емес, терең өңдеуге көшуге және дайын өнімді экспорттауға мүмкіндік беретінін атап өтті. Қазақстандық вице-министр айтып өткендей, екі елдің өңірлері арасындағы ынтымақтастықты белсенді дамыту екіжақты сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық өзара іс-қимылды кеңейтудің маңызды факторына айналуда. Қырғыз Республикасы Инвестициялар министрінің орынбасары Ұланбек Асанов біздің мемлекеттеріміздің алдында президенттер қойған өршіл міндет – өзара тауар айналымын 1 млрд. долларға дейін жеткізу тұрғанын атап өтті.

Бішкекте қазақстандық сауда-экономикалық миссия өтуде

Осы бағыттағы жұмысты күшейту және оны толыққанды іске асыру үшін жаңа көкжиектер табу қажет... Біздің халықтарымыз арасындағы дәстүрлі көп ғасырлық достық пен ынтымақтастыққа негізделген өзара қарым-қатынастарды нығайту ұзақ мерзімді перспективада серпінді жалғасын табатын болады, - деді ол.

Бішкекте қазақстандық сауда-экономикалық миссия өтуде

Қырғыз Республикасы реформалар үшін қолайлы жағдайлар жасау және әлеуметтік-экономикалық тұрақтылықты қамтамасыз ету саласындағы басым саясатты іске асыруға бағытталған үлкен өзгерістердің алдында тұр. Осылайша, Қырғыз Республикасы Министрлер Кабинетінің барлық күш-жігері инвестициялық және бизнес ахуалдың тартымдылығын құруға бағытталған," – деп мәлімдеді  вице-министр Асанов. 

 Сауда-экономикалық миссия шеңберінде Қазақстанның атынан тауар өндірушілер азық-түлік, химия, фармацевтика, ТМК, құрылыс және машина жасау өнімдерін ұсынды. В2В кездесулер барысында $13 млн-ға экспорттық келісімшарттар жасалды (тұз жеткізуге, ПЭТ преформасын және пластикалық қақпақты жеткізуге және телекоммуникациялық жабдықты жеткізуге). 

Екі ел бизнесінің келіссөздері жұмыс тәртібімен жалғасатын болады. Сонымен қатар, "Qaztrade" АҚ Бас директорының орынбасары Нұралы Бөкейханов пен Қырғыз Республикасы Инвестициялар министрінің орынбасары Ұлан Асанов Сауда саясатын дамыту аясында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. "Qaztrade" АҚ Қырғыз өнеркәсіпшілері мен кәсіпкерлерінің одағымен де осындай меморандум жасалды.


Өзгелердің жаңалығы