Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны ата-аналық құқығынан айырғысы келеді

Бөлісу:
Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оны ата-аналық құқығынан айырғысы келеді
Фото: Артём Чурсинов - архив

Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың бұрынғы әйелі Назым Қаһарман бұрынғы күйеуін ата-аналық құқығынан айыру туралы сотқа арызданған, деп хабарлайды Алматыдағы BAQ.KZ тілшісі.

Дегенмен сот Назым Қаһарманның өтінішін қабылдамаған, себебі Салтанат Нүкенова Бишімбаевтың заңды әйелі емес, яғни ол өзінің туысын немесе отбасы мүшесін өлтірмегендігі айтылған.

Бұл туралы ол Астанада өткен баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

Сонымен қатар, Назым Қаһарман балаларының фамилиясын өзгерткісі келгенін, бірақ сот бұл арызды да қанағаттандырмағанын айтты.

- Өкінішке қарай, менің өтінішім қараусыз қалды. Ата-ана құқығынан айыру жөніндегі арыз-шағымға Бас прокуратураның және Жоғарғы Соттың назар аударғанын қалаймын. Балалардың тегін ауыстыруға келер болсақ, бір жыл бұрын туыстарым арқылы өзгертуге сенімхат беруін өтіндім. Мен сотта балаларымның бұрынғы күйеуімнің тегін алып жүргендіктен, оларға жағымсыз пікір білдіріп, қысым көріп жатқанын атап өткен едім. Бұл, әсіресе, өткен жылдың қараша және желтоқсан айларында жиі орын алды. Өкінішке қарай, менің бұл өтінішім қараусыз қалды, - деді ол.

Назым Қаһарманның адвокаты Мәдина Уатбекованың айтуынша, олар Қуандық Бишімбаевты ата-аналық құқығынан айыру негіздерінде екі тармақты көрсеткен: отбасы мүшесін өлтіру және балаларға психикалық зорлық-зомбылық көрсету.

- Ата-ана қылмыс жасаса, мемлекет ата-ана құқығынан айыру арқылы баланы ондай ата-анадан қорғайды. Дегенмен мемлекет қайтыс болған адам отбасының мүшесі болмады, сол себептен ата-ана құқығынан айыруға болмайды деген ұғымға көңіл бөледі. Өкінішке орай, прокуратура да, сот та балалардың құқықтары мен мүдделерін мүлде елеусіз қалдырды, біз сот процесінде марқұмның балалары үшін отбасының толық мүшесі болғаны, олардың неке қию рәсіміне қатысқаны туралы нақты дәлелдер келтірген едік, - деді адвокат Мәдина Уатбекова.

Еске сала кетейік, Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотталған бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтан 16 млн теңге қаржы өндіріп алмақ екендігі туралы бұған дейін хабарлап едік.

Өзгелердің жаңалығы