Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бишімбаевқа тағы шағым түсті

Олжас АДАЙ
18 Наурыз 2025, 18:02
1774
Бөлісу:
 Артём Чурсинов  - архив
Фото: Артём Чурсинов - архив

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді сотталған Қуандық Бишімбаевқа қарсы тағы талап-арыз берді, деп хабарлайды BAQ.KZ «Сот кабинеті» жүйесіне сілтеме жасап.

Сайттағы ақпаратқа сәйкес, іс  17 наурызда судьяға түскен. Талапкер ретінде Айтбек Амангелді, ал жауапкер ретінде Қуандық Бишімбаев көрсетілген.

Еске салсақ, 2023 жылғы 9 қарашада Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде Салтанат Нүкенова ауыр дене жарақаттарының салдарынан көз жұмған еді. Ол – бұрынғы Ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың азаматтық жұбайы болған.

2024 жылдың мамыр айының ортасында Қуандық Бишімбаев Салтанат Нүкенованы азаптап өлтіргені үшін 24 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесіліп, ең жоғары қауіпсіздік деңгейіндегі қылмыстық-атқару жүйесі мекемесінде жазасын өтеуге жіберілген.

Өзгелердің жаңалығы