Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің төрағасы Теңізжан Жәнібеков экс-министр Қуандық Бишімбаевтың түрмеде жұмыс істейтінін айтты, деп хабалайды BAQ.KZ тілшісі.
Жәнібековтың сөзінше, Бишімбаев жазасын қауіпсіздігі барынша жоғары мекемеде өтейді. Ең алдымен 15 күндік карантинге түседі. Қандай жұмыс істейтіні сол мекемеде шешілмек.
Иә, біз сотталғандарды жұмысқа орналастырамыз. Біздің өндірістік аймақтарда әртүрлі жұмыс бар. «Еңбек» РМК-да ағаш өңдеу, металл өңдеу бағыттары бойынша жұмыс таба алады. Мұның бәрі қай жерде және қандай бос жұмыс орны болатынына байланысты. Әрбір мекемеде жұмысқа орналасумен тікелей айналысатын жұмыспен қамту бөлімі бар, - деп толықтырды Теңізжан Жәнібеков.
Оқи отырыңыз: