Әйелін қатыгездікпен өлтірді деп айыпталған Қуандық Бишімбаев изоляторда өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Сот барысында прокурор Саяхат Нұрбеков Қуандық Бишімбаевқа "Тергеу изоляторында өз-өзіңізге қол салғыңыз келгені рас па?" деп сұрақ қойды.
Иә, менде тергеу изоляторында мұндай әрекеттер болды, - деді деп жауап берді Бишімбаев.
Алайда мемлекеттік айыптаушы 5 ай бойы бейнебақылау камераларын бақылап отырғанын айтты.
Мен, Бишімбаев ұсталған сәттен бастап, 5 ай бойы жеке өзім процессуалдық прокурор ретінде тергеу изоляторының камерасына орнатылған бейнебақылау камерасын қарадым. Соған назар аударсаңыздар деймін. Осы 5 ай ішінде бірде-бір рет өзіңізге зиян келтіруге тырыспадыңыз. Сол күні куәгердің көзінше өз-өзін өлтіруге оқталу әрекеті не үшін жасалды? - деді Саяхат Нұрбеков.