Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың изотятордағы жағдайына қатысты ақпарат белгілі болды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.
Экс-министр Қуандық Бишімбаевтың тергеу изолятордағы жағдайы басқа сотталушылармен бірдей ме? – деп сұрады журналистер еліміздің бас полицейінен.
Әрине, қазір қылмыстық іс бойынша сотта қаралып жатыр. Сол себепті изоляторда, Барлығы заң алдында бірдей. Ешкімде ерекше жағдай жоқ, барлығы заңға сәйкес отыр. Бізде қамаудағы камералық түрі бар. Ол бәрімен бірге, яғни камераластары бірге отыр, – деп жауап берді Ержан Саденов.
Бұған дейін Бишімбаевқа қатысты сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлаған едік.
Ал 11 қаңтарда әйелін өлтірді деп күдікке ілінген Қуандық Бишімбаевты қамауда ұстау мерзімі ұзартылды.
Еске салсақ, 2023 жылғы 9 қарашада Астана қаласындағы мейрамханалардың бірінде дене жарақаттарынан әйел адамның қаза болғаны хабарланды.
Кейіннен ол әйелдің ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаевтің әйелі екені анықталды. Бишімбаев әйелін мейрамханада соққыға жыққан көрінеді. Салдарынан Салтанат Нүкенова жедел жәрдем қызметі келіп жеткенше жан тәсілім еткен.
Астана қалалық ПД мәліметінше, ҚР ҚК 99-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалған болатын.