Бишімбаев соты: Куәгер Нүкенова қайтыс болған түні не болғанын айтты

18 Сәуір 2024, 10:41
1441
Бөлісу:
Бишімбаев соты: Куәгер Нүкенова қайтыс болған түні не болғанын айтты
Фото: скриншот

Бишімбаевтың сотында Бақытжан Байжанов жүгінген дәрігер-неонатолог Ерсұлтан Сәрсенбаевтан жауап алынды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенова қайтыс болған түні Ерсұлтан Сәрсенбаевқа хабарласқан. Дегенмен Сәрсенбаевтың жұмыстан қолы босамаған.

Ол (еск - Бақытжан) әлі ұйықтап жатыр деді. Кейін мен одан "Бақытжан, оның есі өзінде ме?" деп сұрадым. Төбелестің іздері қалмады ма деп те айттым. Ол маған олардың таңға дейін ішіп, кейін ұрсысып қалғанын, оның (Салтанаттың) бір көзі қызарғанын айтып берді . Маған келіп, қарап бересің бе деп өтінді. Мен келе алмаймын деп жауап бердім. Оған мемлекеттік болмаса, жекеменшік жедел жәрдем шақыруға болатынын айттым. Кейін мұндай ұзақ әңгімелер болған жоқ, мен жұмыста бос болмадым, - деді куәгер.

Айта кетейік, бүгін экс-министр Бишімбаевқа қатысты 13-ші сот отырысы өтіп жатыр. Бұған дейін кеше Салтанаттың бұрын жарияланбаған хаты оқылды.

Сондай-ақ Нүкенованың құрбысына жазған хаты жарияланды. Хатында Нүкенова дүниеге бала әкелуден қорқатынын және некеге заңды түрде отырғысы келмейтінін жазған.

Бұдан бөлек Қуандық Бишімбаев полиция келмес бұрын өзіне қол жұмсамақ болғаны анықталды. Тіпті ол жақындарына арнап бейнежазба қалдырғысы келген көрінеді.

Өзгелердің жаңалығы