Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты апелляциялық сот отырысы онлайн режимде көрсетіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қуандық Бишімбаев пен Бақытжан Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті. Судьяның 11 маусымдағы қаулысы бойынша, істі қарау 2024 жылғы 26 маусымға, сағат 10.00-ге белгіленді. Жоғарғы Сот қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді, - деп хабарлады Жоғарғы сот.
Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы Соттың әлеуметтік желілердегі ресми парақшаларда жедел жарияланатыны айтылды.
Айта кетейік, 13 мамырда атышулы іс бойынша үкім шығарылды. Нәтижесінде экс-министр 24 жылға, ал оның інісі Бақытжан Байжанов 4 жылға бас бостандығынан айырылды.