Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Қазақстанның бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Айжан Есмағамбетова бұрынғы денсаулық сақтау вице-министрі Камалжан Надыровтың министр Елжанов Біртановпен байланысы болмағанын айтты.
Коронавирустық инфекция жағдайларын тергеудің қазіргі алгоритміне сәйкес эпидемиологиялық тексеру жүргізілді. Денсаулық сақтау министрлігінің басшылығы және жалпы қызметкерлерінің 90% -ы төтенше жағдай басталғалы қашықтан жұмыс істеп жатыр. Соныдықтан Қамалжан Надыровпен байланыста болғандар аз. Министр Елжан Біртанов біраздан бері кездеспеген. Соған қарамастан бүгін тест тапсырды. Нәтижесін өзі жариялайды. Жалпы, денсаулық сақтау министрлігі төтенше жағдайлар талаптарына сәйкес штаттық режимде жұмыс істеп жатыр, - деді бас санитар.
Ол екі апта сайын денсаулық сақтау министрлігінің қызметкерлері коронавирустық тексеруден өтетінін айтты.
Бұған дейін Надыровтан коронавирус табылғандығы белгілі болған. Қазіргі уақытта ол Нұр-Сұлтан қаласындағы жұқпалы аурулар ауруханасында жатыр.
Жалпы, елімізде инфекция ошақтарынан коронавирус жұқтырғандармен байланыста болған 39 585 адам анықталған.
Оның ішінде 38 693 адам (немесе 98%) анықталып, оқшауланды. Жалпы соңғы аптада инфекцияны жұқтыру деңгейі 10% деңгейінде болған еді. Соңғы тәулікте бұл көрсеткіш 8%-ды көрсетті. Жекелеген өңірлерде инфекцияның таралу деңгейі 20-60%-дық деңгейде, - Айжан Есмағамбетова.