Бірқатар ұрлық пен алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

14 Қараша 2022, 21:48
3754
Бөлісу:
Бірқатар ұрлық пен алаяқтық жасады деген күдікті ұсталды

Астана қаласы ПД "Алматы" ауданының ПБ криминалдық полиция қызметкерлері ұрлық және алаяқтық фактілері бойынша күдікті 44 жастағы ер адамды ұстады. Ұсталған азамат ПД УҰИ-ға орналастырылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Тергеу барысында күдікті 28 жастағы дүкен сатушысының сенімін пайдаланып, азық-түлік сатып алып, ақша аударымының жалған чегін көрсетіп, қашып кеткені анықталды. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. 

Сондай-ақ полицейлер ұсталған адамның екі ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады. Ол түннің бір уағында Қажымұқан көшесіндегі "Ai Ai ai Chicken" дүңгіршегінің пластикалық терезесін бұзып кіріп, кассадан 17 мың теңгеден астам ақшаны және дайындалған тауық еті салынған 10 литрлік шелекті жасырын ұрлап әкеткен. 

Қылмыскердің қоржынында "Газель" салонынан ұрланған "iPhone" және "POCO" маркалы екі ұялы телефон бар болып шықты, оларды кейіннен ол ломбардқа өткізіп жіберген.   

Ұрлық фактілері бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ұсталған азаматтың елорда аумағында жасалған басқа да осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.

Астана қаласының Полиция департаменті сақ болуды, бағалы заттарды қараусыз қалдырмауды, шағын және орта бизнес объектілерін бейнебақылау камераларымен жарақтандыруды ұсынады. Сондай-ақ, азаматтарды ескертеді, егер Сізге қатысты құқыққа қайшы әрекеттер жасалса, дереу полицияға "102" арнасына немесе мобильді қосымша арқылы хабарлаңыз.

Өзгелердің жаңалығы