Бүгін таңғы сағат жетіден бастап ауа райының қолайсыздығына байланысты жабылған бірқатар жол ашылуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 23 қаңтарда сағат 07:00-де келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы ашылады:
Шығыс Қазақстан облысы:
- "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесі (Ушановское а. - Алтай қ.);
Алматы облысы:
- "Өскемен-Алтай-Үлкен Нарын-Катонқарағай-Рахман қайнары" автожолының 6-166 шақырым аралығындағы учаскесі (Ушановское а. - Алтай қ.);
- "Көкпек – Кеген - Қырғызстан шекарасы" автожолының 0-72 шақырым аралығында (Көкпек - Кеген ауылы);
2025 жылғы 23 қаңтар сағат 07:30-да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы ашылады:
Ұлытау облысы:
- "Қызылорда-Павлодар" автожолының 756-788 шақырым аралығы, (Жанаарқа ауылы-Қарағанды облысының шекарасы);
2025 жылғы 23 қантарда сағат 08:00-да келесі республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы ашылады:
Қарағанды облысы:
- "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 970-1066 шақырым аралығындағы учаскесінде (Қарағанды қаласынан Молодёжный ауылына дейін);
- "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" автожолының 17-217 шақ., (Қарағанды қаласынан Қарқаралы қаласына дейін);
- "Қызылорда-Жезқазған-Қарағанды-Шідерті" автожолының 788-906 шақырым аралығы (Ұлытау облысының шекарасы-Топар ауылы);
- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының 231-324 шақырым аралығы (Павлодар облысының шекарасы-Ботақара ауылы);
Павлодар облысы:
- "Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Ботақара" автожолының 0-231 шақырым аралығы (Қалқаман ауылы-Қарағанды облысының шекарасы);
Жетісу облысы:
- "Сарыөзек-Көктал" автожолының 40-68 шақырым аралығы, Алтынемел асуы.
1403 байланыс орталығына хабарласып, тәулік бойы қосымша ақпарат алуға болады.