Бүгін, 24 желтоқсанда ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық жолдарда көлік қозғалысына шектеу енгізілді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметінен мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.
2025 жылғы 24 желтоқсан сағат 22:00-де ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар бірқатар автожолдарда жүк және қоғамдық көліктердің қозғалысына уақытша шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.
Ақмола облысында:
- «Астана – Көкшетау – Петропавл» автожолының 18–232 шақырым аралығы (Астана қаласынан Щучинск қаласына дейін);
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 16–200 шақырым аралығы (Астанадан Павлодар облысының шекарасына дейін).
Павлодар облысында:
- «Астана – Шідерті – Павлодар – Успенка – РФ шекарасы» автожолының 200–254 шақырым аралығы (Ақмола облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).
Аталған жол учаскелерінде қозғалысты 2025 жылғы 25 желтоқсан сағат 09:00-де қайта ашу жоспарланып отыр.