Ауа райының бұзылуына байланысты бүгін, 22 ақпан кешінен бастап бірнеше өңірде автокөлік қозғалысына уақытша шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Қостанай облысы
2026 жылғы 22 ақпан сағат 20:00-ден бастап:
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 252-377 шақырым (Ұлытау облысының шекарасынан Арқалық қаласына дейін);
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 340-377 шақырым (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).
Сондай-ақ 22 ақпан сағат 21:00-ден бастап:
- «Қостанай – Мамлютка» автожолы, 250-402 шақырым (Ұзынкөл ауылынан Тобыл қаласына дейін) – жүк және қоғамдық көліктер үшін.
Ұлытау облысы
22 ақпан сағат 20:00-ден бастап:
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 137-252 шақырым (Ұлытау қаласынан Қостанай облысының шекарасына дейін).
Сонымен қатар 22 ақпан сағат 20:15-тен бастап:
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 64-137 шақырым (Жезді ауылынан Ұлытау кентіне дейін) – барлық көлік түрлері үшін.
Ақмола облысы
22 ақпан сағат 20:00-ден бастап:
- «Жезқазған – Арқалық – Петропавл» автожолы, 377-552 шақырым (Қостанай облысының шекарасынан Сұрған ауылына дейін).
Жол учаскелерін 2026 жылғы 23 ақпанда таңертеңгі сағат 08:00-09:00 аралығында ашу жоспарланып отыр.
Жүргізушілерге сапарды алдын ала жоспарлап, ауа райы жағдайын ескеруге кеңес беріледі.