Бірқатар букмекерлік кеңсеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

21 Қыркүйек 2020, 15:16
1381
Бөлісу:
Бірқатар букмекерлік кеңсеге қатысты қылмыстық іс қозғалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Елімізде 765 заңсыз ойын мекемесі анықталды. 

Бұл туралы Қаржы мониторингі комитетінің профилактикалық жұмыс және бақылау басқармасының аса маңызды істер бойынша тергеушісі Ерден Жұма мәлім етті.

Заңнама бойынша казино мен ойын автоматтары залдарын тек Қапшағай су қоймасының жағалауында және Ақмола облысының Щучинск ауданында орналастыруға рұқсат етіледі. Алайда, заңды белден басқандар әр қалада кездеседі. Еліміздің 765 заңсыз ойын мекемесінен бөлек, 22 жасырын казино анықталды. Олардан 12 мыңға жуық зат тәркіленді, - дейді ол.

Бұл фактілер «Стоп ойын» жедел алдын алу шарасы барысында әшкереленді. 

Алматы, Шымкент, Қарағанды, Тараз және Қызылорда қалаларында заңсыз ойын қызметін ұйымдастырды деген күдікпен күдікті Германия азаматы ұсталды. Алматыда PariMatch букмекерлік кеңсесінің басшысы Украина азаматы Кочерга заңды қызметімен қатар «покер», «баккарат», «колесо», «кости» және т. б. сияқты заңсыз онлайн ойындарға ставкалар қабылдаған. Сол сияқты, Profit Betting, Finbet, «Инбет», StavkaBet және басқа да бірқатар танымал букмекерлік кеңсенің үстінен қылмыстық іс қозғалған, - деді Ерден Жұма.

Өзгелердің жаңалығы