29 наурызда сағат 21:00-да еріген судың тасуынан және көліктердің қозғалысына қауіп төну салдарынан бірнеше жолда көлік қозғалызына шектеу қойылды, деп хабарлайды BAQ.KZ Қазавтожолға сілтеме жасап.
"Астана-Қабанбай батыр-Нұра-Теміртау" тас жолының 101-266 шақырымында (Нұра ауылы - Теміртау қаласы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.
Сонымен қатар "Қарағанды-Аягөз-Боғаз" тас жолының 17-45 шақырымында (Қарағанды қаласы - Бастау ауылы учаскесі) барлық көлік түрлеріне қозғалыс шектелді.