Бірнеше семейлік ата-ана құқығынан айырылды

Кеше, 20:00
1064
Бөлісу:
Бірнеше семейлік ата-ана құқығынан айырылды
Фото: BAQ.KZ архив

22 ақпан күні мектеп оқушыларының қатысуымен орын алған келеңсіз оқиға облыстық Полиция департаментінің және Білім басқармасының жіті бақылауында. Бүгін аталған оқиғаға қатысты кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияның отырысы өтті, деп хабарлайды Семейдегі BAQ.KZ тілшісі.

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия отырысында жасөспірімдер арасындағы бұзақы әрекеттер қаралды. Нәтижесінде үш ата-ана ата-ана құқығынан айырылды. Сонымен қатар екі балаға қатысты қамқоршылықты тоқтату туралы шешім шығарылды. Бұл туралы Абай облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. Осы жағдайға байланысты сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде.

Тексеру қорытындысы бойынша барлық оқиғаға қатысушыларды девиантты мінез-құлықты балаларға арналған арнайы мектепке жіберу туралы шешім қабылданды. Бұл шешімнің мақсаты - түзету жұмыстары мен психологтармен уақытша оқшаулау жағдайында жұмыс жүргізу,-делінген облыстық ПД баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жасөспірімдер арасындағы осы әрекетке байланысты материалдар әрі қарай қаралу үшін сотқа берілді.

Естеріңізге сала кетейік бұған дейін әлімжеттік көрсеткен жасөспірімдердің ұсталғанын хабарлаған болатынбыз.

 

Фариза Талғатбек

Өзгелердің жаңалығы