Бірнеше пәтерді тонағандар ұсталды

4 Маусым 2024, 02:35
562
Бөлісу:
Бірнеше пәтерді тонағандар ұсталды
Фото: Алматы қалалық ПД

Алматы қаласы криминалдық полициясы Түркістан және Қызылорда облыстарынан келген екі адам бірнеше пәтер тонауға қатысқанын мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жедел уәкілдердің айтуынша, тергеудің осы кезеңінде олардың кем дегенде төрт пәтер тонауына қатысы бар екендігі белгілі болды.

Арнайы іс-шараны криминалдық полиция қызметкерлері полицияның арнайы жасақтарының көмегімен жүргізді. Күдіктілер «Құлагер» шағын ауданындағы үйлердің біріндегі пәтерден шыға берісте ұсталды, олар бөтен адамның жиған-тергені мен алтын бұйымдарын ұрлап кеткен. Екі күдікті де қамауға алынды. Олардың жеке басы басқа да ықтимал қылмыстарға қатысы бар-жоғына тексерілуде, - деді Алматы қалалық полиция Департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Қуатбек Науатов.

ҚР ҚК-нің 201 бабына сәйкес өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

ҚР Конституциясының 77 бабы 3-бөлімі, 1-тармағы, ҚР ҚК-нің 19-бабы 1-тармағына сай кез келген азамат сот шешімі заңды күшіне енгенге дейін кінәсіз деп саналады.

Өзгелердің жаңалығы