Бірнеше өңірде жабылған жол учаскелері қайта ашылды

Бүгiн, 11:03
119
Бөлісу:
Бірнеше өңірде жабылған жол учаскелері қайта ашылды
Фото: Архив BAQ.KZ

2025 жылы 1 ақпанда төрт өңірде алдында қолайсыз ауа райына байланысты жабылған республикалық маңызы бар тас жолдар ашылды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Абай облысында:

  • "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тас жолының 615-683 шақырым аралығы (Жетісу облысы шекарасынан Таскескен ауылының бұрылысына дейін);
  • "Таскескен-Бақты" тас жолының 0-75 шақырым аралығы (Таскескен ауылынан Үржар ауылына дейін).

Жетісу облысында:

  • "Алматы-Талдықорған-Өскемен-Шемонаиха-РФ шекарасы" тас жолының 557-615 шақырым аралығы (Үшарал қаласынан Абай облысының шекарасына дейін).

Жамбыл облысында:

  • "РФ шекарасы (Жайсан ө\п)–Мәртөк–Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен)–Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент (солтүстік айналма жолымен)–Тараз (айналма жолымен)–Қордай–Алматы–Қорғас–ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" тас жолының 143-214 шақырым аралығындағы учаскесінде (Алматы облысының шекарасынан Қордай ауылына дейін).

Алматы облысында:

  • "РФ шекарасы (Жайсан ө\п)–Мәртөк–Ақтөбе (солтүстік айналма жолымен)–Қарабұтақ–Қызылорда–Шымкент (солтүстік айналма жолымен)–Тараз (айналма жолымен)–Қордай–Алматы–Қорғас–ҚХР шекарасы (Нұр Жолы ө/п)" тас жолының 59-143 шақырым аралығындағы учаскесінде (Жаңақұрылыс ауылынан Жамбыл облысының шекарасына дейін);
  • "Алма-Тау турбазасына кіреберіс" республикалық тас жолының 0-15 шақырым аралығы (Тұздыбастау ауылынан Бесқайнар ауылына дейін).

 

Өзгелердің жаңалығы