Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бірнеше өңірде дауылды ескерту жарияланды

Бүгiн, 09:48
167
Бөлісу:
 @BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов
Фото: @BAQ.KZ архиві/Артем Чурсинов

17 қаңтарға Қазақстанның 12 облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Алматы облысы – солтүстігінде және таулы аймақтарда ауа температурасы −25°-қа дейін төмендейді. Қонаев қаласында желдің екпіні секундына 18 метрге дейін жетеді.
Алматы қаласы – түнде кей уақытта қатты қар жауады.

Ақтөбе облысы – қар жауады (түнде оңтүстігі мен батысында), жаяу бұрқасын күтіледі. Желдің жылдамдығы 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін жетеді. Ақтөбе қаласында түнде жел екпіні 15–20 м/с болады.

Маңғыстау облысы – қар, көктайғақ. Оңтүстігінде түнде қатты қар жауып, кей жерлерде бұрқасын мен тұман түсуі мүмкін. Жел 15–20 м/с. Ақтауда көктайғақ күтіледі.

Түркістан облысы – жаяу бұрқасын (батысында, солтүстігінде және таулы аймақтарда). Түркістан қаласында жауын-шашын (жаңбыр/қар), көктайғақ, тұман және бұрқасын болжанады, жел 15–20 м/с.
Шымкент қаласы – жауын-шашын, түнде кей уақытта қатты (жаңбыр/қар), көктайғақ, тұман, бұрқасын; жел 15–20 м/с.

Шығыс Қазақстан облысы – 17–18 қаңтар түнінде солтүстігі мен шығысында өте қатты аяз күтіледі, ауа температурасы −45°-қа дейін төмендейді.

Жетісу облысы – түнде аяз −25…−27°. Талдықорған қаласында кей уақытта көктайғақ болады.

Абай облысы – жел 15–20 м/с. Түнде солтүстігінде аяз −40°-қа дейін жетеді.

Ұлытау облысы – оңтүстігі мен орталығында тұман. Желдің екпіні 15–20 м/с. Жезқазған қаласында түнде және таңертең жел 15–20 м/с болады.

Қызылорда облысы – оңтүстігінде қар, бұрқасын, көктайғақ күтіледі. Жел 15–20 м/с, кей жерлерде 23 м/с-қа дейін. Қызылорда қаласында жел 15–20 м/с.

Қарағанды облысы – солтүстігінде, шығысында және оңтүстігінде тұман. Желдің екпіні 15–20 м/с. Түнде солтүстік-шығысында аяз −35…−38°.

Батыс Қазақстан облысы – түнде оңтүстігі мен шығысында жел екпіні 15–20 м/с.

Атырау облысы – қар, жаяу бұрқасын, көктайғақ, кей жерлерде тұман күтіледі. Жел 15–20 м/с. Атырау қаласында қар жауып, бұрқасын мен көктайғақ болады, күндіз желдің екпіні 15–18 м/с-қа жетеді.

Өзгелердің жаңалығы