Бірнеше облыста жол қозғалысына шектеу қойылды

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы уақытша шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 freepik 30 Желтоқсан 2025 2025, 22:25
30 Желтоқсан 2025 2025, 22:25
481
Фото: freepik

Ауа райының қолайсыздығына байланысты бірқатар республикалық маңызы бар автожолдарда көлік қозғалысы уақытша шектелді. Бұл туралы «ҚазАвтоЖол» ҰК баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Қызылорда облысы:

2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 22:00-ден бастап «РФ шекарасы – Мәртөк – Ақтөбе – Қарабұтақ – Қызылорда – Шымкент – Тараз – Қордай – Алматы – Қорғас – ҚХР шекарасы» автожолының 1362-1806 шақырым аралығы (Арал қаласы – Қызылорда қаласы) барлық көлік түрлері үшін жабылады.
Жолды 31 желтоқсан сағат 08:00-де ашу жоспарланған.

Абай облысы:

2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 22:30-дан бастап «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 971-1013 шақырым аралығы (Қалбатау ауылы – ШҚО шекарасы) бойынша қозғалыс шектеледі.
Жолды 31 желтоқсан сағат 05:00-де ашу көзделіп отыр.

Шығыс Қазақстан облысы:

2025 жылғы 30 желтоқсан сағат 22:30-да Абай облысында ауа райының бұзылуына байланысты «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» автожолының 1013-1062 шақырым аралығында (Абай облысы шекарасы - Рубеж бекеті) көліктің барлық түрінің қозғалысына шектеу қойылады.

Жолды 2025 жылғы 31 желтоқсан сағат 05:00-де ашу жоспарланған.

Жүргізушілерден жолға шығар алдында ауа райы мен жол жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауы сұралады.

Наверх