Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды

18 Наурыз 2024, 07:06
434
Бөлісу:
Бірнеше облыста дауылды ескерту жарияланды
Фото: BAQ.KZ архив

18 наурызда еліміздің бірқатар өңірінде дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BAQ.KZ "Қазгидромет" РМК-ға сілтеме жасап.

Синоптиктердің болжамына сүйенсек, бірнеше облыста қатты жел тұрып, қалың тұман болады.

Қарағанды облысының солтүстігінде, шығысында, орталығында, сондай-ақ Қарағанды қаласында да тұман болады деп күтіледі.

Түркістан облысының таулы аудандарында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп болжанады.

Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында шаңды дауыл тұрады деп күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды.

Батыс Қазақстан облысының батысында, оңтүстігінде, күндіз өңірдің батысында, оңтүстігінде, шығысында көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында тұман тұсуі ықтимал. Орал қаласында түнде және таңертең тұман болады деп болжанады.

Қызылорда облысының солтүстігінде, орталығында 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады деп күтіледі.

Ақтөбе облысының батысында, орталығында көктайғақ болуы ықтимал. Түнде өңір орталығында, күндіз облыстың оңтүстігінде соққан желдің екпіні 15-20 м/с дейін жетеді.

Атырау облысында жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал. Күндіз облыстың оңтүстігінде, шығысында соққан желдің екпіні 15-20 м/с құрайды. Атырауда жауын-шашын (жаңбыр, қар) болады, түнде және таңертең тұман түсуі ықтимал.

Қостанай облысының батысында, оңтүстігінде жауын-шашын (жаңбыр, қар), көктайғақ болады деп күтіледі. Облыстың батысында, оңтүстігінде тұман түсуі ықтимал.

Жетісу облысының Алакөл ауданында соққан желдің екпіні 23-28 м/с дейін жетеді.

Өзгелердің жаңалығы