Ауа-райының қолайсыздығына байланысты 3 облыстағы республикалық маңызы бар автожолдардың 4 учаскесінде автокөліктің барлық түрлері үшін қозғалысқа шектеу енгізілді, деп хабарлайды BAQ.KZ «ҚазАвтоЖол» компаниясына сілтеме жасап.
Алматы облысында - 1 учаске:
1."Алматы-Шелек-Қорғас" 24-254 км, Ақы алу пунктінен-Жетісу обл.шек. дейін – 230 км. (жел, нөлден төмен температура).
Жетісу облысы - 1 учаске:
1. "Үшарал-Достық" 84-184 км, Көктұма ст.- Достық ст. - 100 км. (боран, шектеулі көрініс)
Батыс Қазақстан облысында - 2 учаске:
1."Чапаев-Жалпақтал-Қазталов" 0-213 км, Чапаев к.-Қазталов к.-213 км.
2. "Атырау-Орал" 189-371 км, Атырау обл.шек-Чапаев к. - 182 км. (жел, боран, шектеулі көрініс, нөлден төмен температурадағы жаңбыр).
Ағымдағы сағатта республикалық маңызы бар автожолдарда 206 бірлік техника және 287 адам жұмылдырылды.