Бірнеше облыста ауа райына байланысты жол жабылды

Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

 freepik Бүгiн 2026, 21:19
Бүгiн 2026, 21:19
166
Фото: freepik

Ауа райына байланысты бірқатар республикалық автожолдарда қозғалыс шектелді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

2026 жылғы 26 ақпан сағат 20:00-ден бастап ауа температурасының төмендеуіне байланысты бірнеше өңірдегі республикалық маңызы бар автожол учаскелерінде жолаушылар рейстік автобустары мен дизельді қозғалтқышы бар автокөліктер үшін қозғалысқа уақытша шектеу енгізілді, - делінген хабарламада.

Қарағанды облысы аумағында «Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шидерты» (KAZ14) автожолының 788-906 шақырымы (Ұлытау облысының шекарасы – Топар ауылы) және 970-1135 шақырымы (Қарағанды қаласы – Павлодар облысының шекарасы) аралығында қозғалыс шектеледі.

Ұлытау облысында осы бағыттағы KAZ14 автожолының 756-788 шақырымы (Жаңаарқа ауылы – Қарағанды облысының шекарасы) жабылады.

Абай облысы аумағында бірқатар бағытта шектеу енгізіледі. Атап айтқанда:

  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (KAZ07) автожолының 587-1002 шақырымы (Павлодар облысының шекарасы – Көкпекті ауылы);
  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (KAZ08) автожолының 778-1013 шақырымы (Аягөз қаласы – ШҚО шекарасы);
  • «Семей – РФ шекарасы» (KZ18-02) автожолының 2-113 шақырымы;
  • «Семей – Қайнар» (KZ18-01) автожолының 8-284 шақырымы;
  • «Өскемен – Семей» (KAZ21) автожолының 103-198 шақырымы (ШҚО шекарасы – Семей қаласы);
  • «Қарағанды – Аягөз – Тарбағатай – Боғас» (KAZ15) автожолының 528-941 шақырымы (Баршатас ауылы – Боғас ауылы).

Шығыс Қазақстан облысында:

  • «Алматы – Талдықорған – Өскемен – Шемонаиха – РФ шекарасы» (KAZ08) автожолының 1013–1062 және 1104–1212 шақырым аралықтары;
  • «Өскемен – Семей» (KAZ21) автожолының 12-103 шақырымы (Қазачье ауылының бұрылысы – Абай облысының шекарасы);
  • «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (KAZ07) автожолының 1103-1256 шақырымы;
  • «Өскемен – Алтай – Үлкен Нарын – Катонқарағай – Рахман қайнары» (KZ16-01) автожолының 7-249 шақырымы (Ушановское ауылы – Үлкен Нарын ауылы) бойынша қозғалысқа шектеу қойылады.

Павлодар облысы аумағында «ҚХР шекарасы – Майқапшағай – Зайсан – Қалбатау – Семей – Павлодар – РФ шекарасы» (KAZ07) автожолының 426-587 шақырымы (Кенжекөл кенті – Абай облысының шекарасы) жабылады.

Барлық аталған учаскелерде жол қозғалысын 2026 жылғы 27 ақпан сағат 08:00-де қайта ашу жоспарланып отыр. Жүргізушілерге ауа райы жағдайын ескеріп, қауіпсіздік шараларын сақтауға кеңес беріледі.

Наверх