Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілері тағайындалды

4 Қыркүйек 2019, 20:08
1910
Бөлісу:
Қазақстанның бірнеше мемлекеттегі елшілері тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Жанар Сейдақметқызы Айтжан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Мемлекет басшысының Жарлықтарымен:

Жанар Сейдақметқызы Айтжан Женева қаласындағы (Швейцария) Біріккен Ұлттар Ұйымының бөлімшесі мен басқа да халықаралық ұйымдар жанындағы Қазақстан Республикасының Тұрақты өкілі қызметіне тағайындалды, ол Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Лихтенштейн Князьдігіндегі, Ватикан Мемлекетіндегі, Қасиетті Иерусалим Иоанны, Родос және Мальтаның Егеменді Әскери Госпитальерлері Орденінің жанындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметтерін қоса атқарудан босатылды;

Әлібек Әсетұлы Бақаев Қазақстан Республикасының Швейцария Конфедерациясындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды;

Ерлан Алтынбайұлы Әлімбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметіне тағайындалды.

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Болат Серғазыұлы Сәрсенбаев Қазақстан Республикасының Үндістан Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі қызметінен, Қазақстан Республикасының Шри-Ланка Демократиялық Социалистік Республикасындағы Төтенше және Өкілетті Елшісі міндетін қоса атқарушы қызметінен босатылды.

Өзгелердің жаңалығы