Бірнеше өңірде жаңбыр жауып, жел күшейеді

13 Сәуір 2020, 08:10
1931
Бөлісу:
Бірнеше өңірде жаңбыр жауып, жел күшейеді

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Синоптиктер 13 сәуірге арналған ауа райына болжам жасады.

"Қазгидромет" РМК болжамынша атмосфералық ауа ағындарының өтуіне байланысты ел өңірінің басым бөлігінде жаңбыр жауады.

Ал оңтүстікте, оңтүстік шығыста нөсер жаңбыр, батыста, солтүстік батыста жаңбыр соңы қарға айналады. Кей жерлерде тұмен түседі, найзағай жарқылдап, жел күшейеді.

Оңтүстік өңірде шаңды дауыл тұрады, оңтүстік шығыста бұршақ түсуі, солтүстік батыста бұрқасын болуы ықтимал.

Ақтөбе облысында күндіз кей жерлерде – бұрқасын, түнде кей жерлерде, ал күндіз басым бөлігінде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Алматы, Түркістан облыстарында, күндіз Қызылорда, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің жылдамдығы 15-20 м/с жетеді.

Жамбыл облысында кей жерлерде күн күркірейді, тұман түседі, бұршақ жаууы ықтимал.

Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде тұман, желдің жылдамдығы 15-20 м/с болады.

Атырау облысында кей жерлерде шаңды дауыл тұрып, кей жерлерде желдің күші 15-20 м/с жетеді.

Ақмола облысында кей жерлерде тұман, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с дейін күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі, желдің күші 15-20 м/с.

Павлодар облысында желдің күші 15-20 м/с дейін жетеді.

Қарағанды облысында кей жерлерде тұман түсуі ықтимал.


Өзгелердің жаңалығы