Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қазгидромет 5 қыркүйек күні ауа райының бұзылуына байланысты бірнеше өңірде ескерту жариялады.
Синоптиктердің болжамынша, түнде Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде 1-3 градус үсік күтіледі.
Таңертең және күндіз Қызылорда облысында солтүстік-шығыстан жел соғады, күші кей жерлерде 15-20 м/с артады. Күндіз төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының кей жерлерінде тұман, 1-3 градус үсік болжанады.
Түркістан облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, солтүстік-шығыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с жетеді.
Жамбыл облысында найзағай, дауыл, бұршақ, оңтүстік-батыстан соғатын жел солтүстік-шығысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады.