Бірлікті көздің қарашығындай сақтап, жаңғыруға ұмтылып келеміз – Мұратәлі Қалмұратов

22 Сәуір 2019, 20:25
4156
Бөлісу:
Бірлікті көздің қарашығындай сақтап, жаңғыруға ұмтылып келеміз – Мұратәлі Қалмұратов
Фото: автордан

Шымкент, BAQ.KZ тілшісі. Алда өтетін Қазақстан халқы Ассамблеясының ХХVII сессиясы қарсаңында Шымкент қалалық Қазақстан халқы Ассамблеясы төрағасының орынбасары Мұратәлі Қалмұратов осы ауқымды шараға қатысты өз пікірін білдірді.

"Дана халқымызда «Бақ бағалағанның басында тұрады» деген сөз бар. Біз осы қанатты сөздің мәнін терең түсінуге міндеттіміз. Шүкір, қазір ашық әлемде өмір сүрудеміз. Айналамызда не болып жатқанын баршамыз біліп, көріп, оқып отырмыз. Қазір ақпарат бұрынғы кеңестік дәуірдегідей сүзгіден өтпейді. Интернетке кір де жер-жаһандағы оқиғалар туралы жан-жақты ақпаратты қабылдай бер. Мұны не үшін айтып отырмын. Қазір қоғамды түрлі түсінігі бар азаматтар кездеседі. Бұл – демократиялық бағытты ұстанған мемлекетте орын алатын заңдылық. Түптеп келгенде ассамблея жұмысы өте маңыздыі. Елде тұрақтылық болса, инвестиция келетінін, береке болса, тыныштық болатынын, қоғамда келісім орнаса, өзара түсіністіктің қалыптасып, адамдар арасында жылы қарым-қатынас орнығадыТұңғыш Президентіміздің бастамасы бойынша жүргізілген сындарлы мемлекеттік саясаттың арқасында әлемнің көптеген елдерінде дәл қазір тапшы болып тұрған татулық, түсіністік, келісім сынды құндылықтар Қазақстанда бар. Біз осыны бағалауымыз керек. Бүгінде бір-бірімен ортақ тіл таба алмай, араздасып жүргендер қаншама. Тіпті, тілі, діні, ділі ортақ халықтардың арасында да тіл табыса алмай, қырқысып жатқандары бар екенін көріп жүрміз. Ал біздің байтақ еліміздегі барлық этнос өкілдері бір үйдің баласындай болып, бірлікті көздің қарашығындай сақтап, жаңғыруға ұмтылып келеміз. Мұның барлығын əрине, Қазақстанға тән қоғамдық келісімнің жеңісі мен жемісі деп білемін",- дейді Мұратәлі Қалмұратов.

Мұратәлі Қалмұратовтің айтуынша Ассамблеяның алдағы сессиясында елді жасампаздыққа үндейтін межелі міндеттер айқындалып, жаңарудың жаңа бағыт-бағдары сөз болады. 

"Қазақстан халқы Ассамблеясының төрағасының пайымды парасатпен жүктеген тапсырмалары қоғам тарапынан әрдайым абыроймен орындалатынына сенімдімін" , - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы