Бірлестіктегі партияластар: Басты күш – тұрақтылық

26 Сәуір 2019, 19:11
2258
Бөлісу:
Бірлестіктегі партияластар: Басты күш – тұрақтылық
PHOTO

Қостанай облысы, BAQ.KZ тілшісі. Бүгін «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігі» АҚ Nur Otan партиясы аудандық филиалының ұйымдастыруымен Қазақстан президенттігіне үміткерді қолдау жиыны өтті. Басқосуда сөйлеушілер Ұлт Көшбасшысы, Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев ұстанған саясатты лайықты жалғастырушы ретінде Қасым-Жомарт Тоқаевты көретінін айтты.

Бірлестіктегі партияластар: Басты күш – тұрақтылық

 Жиынға өнеркәсіптік цех басшылары мен кәсіпорын ардагерлері, сондай-ақ партия мүшелері қатысты.

«Елбасы Nur Otan партиясының кезектен тыс съезінде Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын ұсынды. Біз, партияластар Қазақстан Республикасының президенттігіне кандидатты қолдау үшін жиналып отырмыз. Қазақстан қоғамындағы әлеуметтік тұрақтылық феномені тағдырдың жай ғана бере салған сыйы емес, бұл – Ұлт Көшбасшысы ұстанған саяси бағыттың нәтижесі, еліміздегі әлеуметтік-экономикалық даму моделінің тиімділігі, қазақстандықтардың бірлігінің арқасы. Енді сайланғалы отырған мемлекет басшысы осы бағыттан таймайды деген сенімдеміз», - деді «Соколов-Сарыбай тау-кен байыту бірлестігі» АҚ Nur Otan партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Александр Макаренко.

Бірлестіктегі партияластар: Басты күш – тұрақтылық

«Сарыбай кен басқармасы» бастауыш партия ұйымының төрағасы Мәди Қамбаров та елдегі тұрақтылықтың маңызды екенін айтып, Қасым-Жомарт Тоқаевтың кандидатурасын қолдайтынын жеткізді. Басқармадағы кәсіподақ комитетінің төрағасы Денис Жигайло ұжымның ынтымағын мысалға келтіріп, көпшілікті сайлауға белсене қатысуға шақырды.

Өзгелердің жаңалығы