Қазақстанның соңғы жаңалықтары

Бірлесе жұмыс істей алмайтындар сәтсіздікке ұшырайды – Президент

Гүлжан РАМАНҚҰЛОВА
8 Маусым 2023, 13:17
828
Бөлісу:
 Ақорда
Фото: Ақорда

Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астана халықаралық форумында айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Климаттық жағдай бір-бірімізге өзара тәуелді екенімізді және тағдырымыздың ортақ екенін көрсетіп отыр. Осы шындықты қабылдай отырып, бірге жұмыс істейтіндер табысқа жетеді, ал бірлесе жұмыс істей алмайтындар сәтсіздікке ұшырайды, - деді ол.

Президент көпжақтылықты негіздейтін Біріккен Ұлттар Ұйымының принциптері мен құндылықтары бұл проблемамен күресудің жалғыз жолы екенін айтты. Сөзінше, осы қағидаттың бәрі - Астана халықаралық форумының негізі.

Өзгелердің жаңалығы