Бірқатар елші тағайындалды

2 Шілде 2021, 11:54
1887
Бөлісу:
Бірқатар елші тағайындалды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлықтарымен Қазақстанның Сербия, Швеция,Бразилия, Чили елдеріндегі Елшілері тағайындалды, деп хабарлады Ақорданың баспасөз қызметі.

Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Швеция Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі Сергей Нұртайұлы Нұртаев Қазақстан Республикасының Дания Корольдігіндегі Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды;

Қазақстан Республикасының Бразилия Федеративтік Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі Болат Тұрарұлы Нүсіпов Қазақстан Республикасының Аргентина Республикасындағы, Чили Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін қоса атқарушы лауазымына тағайындалды. 

Сонымен қатар, Мемлекет басшысының Жарлығымен Ғабит Әбдімәжитұлы Сыздықбеков Қазақстан Республикасының Сербия Республикасындағы Төтенше және өкілетті елшісі лауазымынан босатылды.

Өзгелердің жаңалығы