Қазақстандық бұрымды боксшы Ангелина Лукас (6-1-0, 3 КО) Әзірбайжан астанасы Бакуде өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды BAQ.KZ Vesti.kz сілтеме жасап.
Қазақстандық боксшының қарсыласы пәкістандық Рома Юсаф (5-1-1, 2 КО) болды. Өте жеңіл салмақтағы жекпе-жек сегіз раундқа есептелген болатын, алайда біріншісінде аяқталды - Лукас қарсыласын нокаутқа түсірді.
Осылайша, қазақстандық боксшы WIBA тұжырымынша әлем чемпионы атағын жеңіп алды. Бұл белбеуді кезінде бокс аңыздары: Мухаммед Алидің қызы - Лейла Али мен абсолют чемпион Наталья Рагозина иеленген екен.
Бұл Лукастың карьерасындағы алтыншы жеңісі, ал Юсаф алғаш рет жеңіліп отыр.