Бірінші кезең аяқталды: Кино орталығына 444 өтінім келіп түсті

Бүгiн, 12:58
174
Бөлісу:
Бірінші кезең аяқталды: Кино орталығына 444 өтінім келіп түсті
Фото: pixabay.com

Мемлекеттік қолдауға үміткер киножобаларды іріктеудің бірінші кезеңі аяқталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Электронды түрде 444 сценарий мен сценарий жоспары тіркелді.

Анимация саласы бойынша 42 өтінім берілген. Деректі-хроникалы фильмдер санаты бойынша 103, ал ойын фильмдеріне 299 өтінім келіп түсті.

Құжаттарды қабылдау аяқталғаннан кейін, Ұлттық киноны қолдау орталығы өтініш берушілер ұсынған құжаттарды Сараптама кеңесінің қарауына тапсырады.

Сценарийлерді немесе сценарий жоспарларын Сараптама кеңесінің мүшелері фильм түрлері бойынша секцияларда қарастырады.

Кеңес құрамы 20 жұмыс күні ішінде басым тақырыптарға, сюжеттің құрылымы мен драматургия принциптері секілді басты талаптарға назар аударып, өтінімдерді қарап шығады.

Екінші кезеңде Сараптама кеңесі ұсынған жобалардың құжаттар пакеті жинақталады.

Бұл ретте қате кетсе, оны түзеуге 3 күн уақыт беріледі.

Айта кетейік, конкурстың бірінші кезеңіне қатысу үшін 5-13 наурыз (12 наурыз сағат 23:59) аралығында өтінім қабылданды.

Қаңтар айында кино түсіруге арналған басым тақырыптар жарияланды.

Өзгелердің жаңалығы